Казахстан Новости

Еліміз Қазақстанды бірге өзгертейік!

Назарбаевтың және семьясының жиырма сегіз жылдық жеке билігі Қазақстанның барлық саласындағы өмірін өте үлкен дағдарысқа ұшыратты.
Бүкіл мемлекеттік жүйе тек Назарбаев пен айналасының мүддесі үшін қызмет жасайды. Азаматтық көзқарасы бар кез келген адам қудалауға ұшырап, ақыры өлтіріледі. Қоғамдық қызметпен айналысуға, саяси партия, кәсіподақ және бірлестік құруға Қазақстан азаматтарына тиым салынған. Сөз бостандығы жоқ. Цензура мен жалған насихат таратудың күні туды. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат көздері қуғынға ұшырап барлығы дерлік жойылған.
Назарбаевтың бұйрығымен Конституцияға кез келген уақытта өзгерістер енгізу әдетке айналды. Сот, құқық қорғау органдары және үкімет қызметкерлері қуғын-сүргін жүргізу үшін және жемқорлық схемалар жасау үшін пайдаланылады. Біздің ең озық заводтар мен фабрикалар, кейін мұнай, газ, мыс, хром тағы басқа да табиғи байлықтар Назарбаевтың жеке меншігіне алынып, сатылып кетті.
Назарбаев параның күшімен мұнай өндіретін кен орындарының 40% қытайлықтарға сатып жіберді. Бізден, Қазақстан азаматтарынан, сұрамай 2000-шы жылдың басында шекаралас жатқан мыңдаған гектар жерді Қытайға өткізіп жіберді.
Табиғи байлығы бойынша дүниедегі он бай мемлекеттің қатарында тұрса да Қазақстан халқы қайыршылық жағдайда өмір сүруде. Жемқорлық билік органдарының барлық деңгейін шірітіп болды.
Сөздің шыны, ел тұңғиыққа батып барады.
Елдің болашағы үшін жауапкершілікті біз өз қолымызға алуымыз керек. Біз Қазақстанның саясаты мен экономикасын түбегейлі өзгертуіміз қажет. Біз парламенттік республика орнатуымыз керек және заңды әділ сайлау жүйесі арқылы халық сайлаған депутаттар қабылдауы тиіс.
Бір адамға ғана қызмет жасайтын емес, керісінше халық алдында есеп беретін және халық үшін жұмыс істейтін үкіметі бар Республика құрамыз. Біз экономикамызды әртараптандырып (диверсифицировать), дүние жүзі экономикасына тек шикізат беруші ел болудан құтылуымыз керек.
Біз азаматтық құқық және жеке бас еркіндігін заң мен тәуелсіз сот алқасы қорғайтын ел болуымыз керек.
Біз Қазақстанды өркендеген ел қатарына қосуымыз керек!
Бұл біздің ел, ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз!
Бұл біздің борышымыз.
Егер біз осы мақсатты дәл қазір орындамасақ, Қазақстанды біржола жоғалтып аламыз.
Біз диктатураға Жоқ, мемелекетімізді жоюды Тоқтат деген талапты ашық айтуға уақыт келді деп есептейміз.
Біз, Қазақстан азаматтары, жалпы азаматтық “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын құрамыз.
Барлық азаматтарды қатарымызға қосылуға шақырамыз.
Бәріміз бірге Қазақстанды өзгертіп, өз өмірімізді жақсартамыз!
 
Мұқтар Әбіләзов
Болат Атабаев
Айдос Садықов
Айнұр Құрманов

Добавить комментарий