Казахстан Новости

ҚДТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ САЯСИ МӘЛІМДЕМЕСІ

РЕСЕЙДІҢ УКРАИНАДАҒЫ ӘСКЕРИ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ» ЖАЛПЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АЙҚЫНДАМА КӨЗҚАРАСЫ
Ресей федерациясының Қырым түбегін басып алғанына және Украинаның шығыс аудандарында әскери басқыншылық жасағанына бүгінгі күні үш жыл болды. Осы уақыт арасында, Путиннің бұл басқыншылық әрекетін сынға алып, Назарбаев көпшілік алдында бір ретте мәлімдеме жасаған емес.
Ресейдің, оның әскері автоматтың күшімен өткізген «референдумын» және Қырымды басып алуын, Қазақстан ресми түрде «жергілікті тұрғындардың өз еркіндігін танытуы» – деп мақұлдады.
http://news.liga.net/news/politics/1028522-kazakhstan_priznal_referendum_i_podderzhal_anneksiyu_kryma.htm
Назарбаев, Путиннің жүргізген саясатын қолдап, “ресейдің украинаның жер аумағын өзіне қосып алған шешімін түсінікпен қабылдады”.
Ресей басқыншылығына қарсы күресте ҚДТ жалпы азаматтық қозғалысы Украина халқымен бірге.
Өзінің ел аумағының бір тұтастығын сақтап қана қоймай және Европа бағытында өніп-өсуді таңдауда өз құқықтары бар екенін қорғағысы келетін Украинаны біз қолдаймыз.
Жемқорлықпен күресіп және құқықты қорғайтын мемлекетті тұрғызып жатқан Украинаның қоғамын біз қолдаймыз.
Назарбаевтың режимі ауысқаннан кейін, елде демократиялық күштердің үкімет басына келгеннен кейін, Қазақстанның ресми көзқарасының өзгеретіні туралы ҚДТ қозғалысы мәлімдеме жасайды.
Ресейдің Қырымды басып алуына және Украинаның шығыс аумағында, оның әскерінің басқыншылығына Қазақстан өзінің үзілді-кесілді қарсылығын ашық айтатын болады.
ҚДТ ұйымдастыру комитеті
Әбіләзов Мұқтар Атабаев Болат Садықов Айдос

Добавить комментарий