Breadcrumbs

Суббота, 13 мая 2017 06:13

ЕР ЕСІМІ, ЕЛ ЕСІНДЕ

(Есімі аңызға айналған Макс Боқаевтың туған күніне арнап)

Қазақтың қос қыраны –
Макс, Талғат,
Жазылған есімдерің –
Тарих талғап!
Шықтыңдар
Алаңына қос батырдың –
Исатай, Махамбеттің ісін жалғап.

Қырандай дауыстары саңқылдаған,
Арлары еш алтынға сатылмаған.
Жау тисе ел шетіне өре тұрып,
Баладай,
Жайшылықта, аңқылдаған.

Қос батыр –
Ар-намысы қазағының!
Атылар жебесіндей садағының.
Байрағын желбіретіп,
Әз ұлтының
Бөленген құшағына мадағының.

Көрсетіп өнегесін –
Рухтың күшін:
«Жан пида – дегендерің, – жерім үшін!»
Зәресін ұшырдыңдар сатқындардың,
Тексіздер алып отыр,
Соның өшін...

Отанын қорғау үшін жаратылған,
Атағың бар әлемге таратылған.
Мыңдаған шерушілер арасынан,
Жарқырап, көзге түсті,
Дара тұлғаң!

Макстың туған күні –
Бүгін,
Ертең
Айқындап,
Ерлігінің сырын шертем:
Нақақтан айыпталған
Жазасынан
Құтқаршы,
О, Тәңірім
Қызыл өрттен!

Бауырым,
Құтты болсын туған күнің!
Ашылсын аспаныңнан түнек түнің!
«Жеріміз сатылмайды, жалға да – жоқ!»
Кетпеді құлағымнан деген үнің...
Жаралған қазағына –
Жарық Күнім!

Қуаныш МҰҚТАЙ
11.05.17 жыл